23.12.2021, 18:38 13246

Фермерлер ауыл шаруашылығы министрінің отставкаға кетуін талап етті

Фермерлер ауыл шаруашылығы министрінің отставкаға кетуін талап етті
Сурет: agroinfo.kz
НҰР-СҰЛТАН. 23 ЖЕЛТОҚСАН - Шаруалар ауыл шаруашылығы министрінің отставкаға кетуін талап етті.
 
Қуаңшылықтан тарыққан шаруалар ауыл шаруашылығы министрінің отставкаға кетуін талап етіп министрліктің ғимаратында шу шығарды. Елдің әр өңірінен жиналған 30-ға жуық шаруа қолда бар малды аман алып қалуға шенеуніктер көмектеспей отыр деп налыды.
 

Қазіргі таңда Маңғыстау халқының сіздің жұмысыңызға ашуланып отыр. "Мал ашуы – жан ашуы". Қанағаттанып отырған жоқ. Сондықтан, сіз, Ереке, жұмысыңызды ширатып, Маңғыстауға көмектесіп, қыстан қалған малды аман алып шығуға бір күшті жұмыс жасамасаңыз болмайды. Егер олай жасай алмайтын болсаңыз, желтоқсанның 15-нде айтқандай, қызметіңізден бас тартсаңыз", - деді шаруа (Маңғыстау облысы) Әділбек Сағындық.


 
Шаруалар министрмен бетпе-бет кездесетінін білгендей, барлық талап-арыздарын бір парақ қағазға тізіп келіпті. Министрлік ғимаратының кіреберісінде 40 минуттай іркілген арызданушыларды Қарашөкеев ақыры қабылдады. 
 
Биыл Маңғыстау және Қызылорда облыстарында қатты қуаңшылық болып мыңдаған бас мал арам қатты. Төрт түлігін аман сақтап қалу үшін шаруалар жануарларға картон қағазын беруге мәжбүр болды. 
 
Жазда құрғақшылықтан мыңдаған бас малынан айырылғандар осы кезде статистиканың дұрыс жүргізілмегеніне наразы. Ауыл шаруашылығы министрлігі 1500-нан аса ірі қара мен жылқы қырылды десе, шаруалар шығынның одан көп екеніне сенімді. Олар есеп-қисапты қайта дұрыстау керек дейді. Сондай-ақ фермерлер төрт түліктің азығын арзандатуды сұрады. Бір таңғаларлығы, бір-бір қожалықты ұстап отырғандар мемлекет тарапынан субсидияның бөлінетінінен бейхабар. Үкімет қолдауын қолжетімді етіп қағазбастылықты азайтса деген, шаруалардың тілегі бар. Сондай-ақ олар ветеринарлық, жеке шаруа қожалығына қатысты заңнамаларды талқылауға шаруаларды араластыру қажеттігін алға тартты. Ербол Қарашөкеев фермерлердің әрбір сөзімен келісіп, мәселені шешетіндей кейіп танытты. 
 

Қаңтардың басында комиссияны жібереміз, депутаттармен. Сосын ұсынысты қаржы министрлігіне жібереміз. Алынбай қалған ақшаны ала алатындай. Комиссия шығардың алдында зуммен кездесіп шешіп аламыз, қандай мәселелер қарайтынымызды. Комиссия жол жаққа барып істейді", - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

 
Ақпарат көзі: ktk.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны