11.09.2023, 20:56 18666

Ішінде душы бар, мүгедектерге жағдай жасалған жаңа вагондар жолға шығады

Жаңа 50 вагон Қарағанды - Жезқазған, Атырау - Маңғыстау, Атырау - Ақтөбе бағыттарында қатынайды
Бүгін Астанада елімізде шығарылған 50 вагон таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің пойыз паркінде 2500 вагон бар. Бүгін құрам тағы 50 жаңа вагонмен толығып жатыр. Вагондар өз елімізде жасалған, "ЗИКСТО" АҚ (Петропавл) өнімі. Осы қыркүйекте тағы 100 вагон сатып аламыз, ал келесі жылы жаңа вагондардың қатарын 157-ге апармақпыз. Тағы бір айта кететіні, отандық өнімге мән беріп отырмыз. 2025 жылы "Штадлер Қазақстан" швейцариялық компаниясы өз өнімдерін шығара бастайды. Бес жылдың ішінде 537 вагон шығару жоспары бар", - деді Көлік комитетінің төрағасы Әли Алтай жаңа вагондарды қабылдау барысында.


Оның мәліметінше, "Жолаушылар тасымалы" АҚ вагондарының 49% тозған. Сондай-ақ, спикер қолданысқа берілгеніне 40 жыл болған вагондар барын айтты.

Жаңа вагондар заманауи әрі ыңғайлы. Қажетті жағдай жасалған. Әр вагонда душ, желдеткіш (кондиционер) және мүгедек жандарға бөлек орын мен жүріп-тұруына жағдай бар", - дейді комитет басшысы.


Айта кетейік, бүгін елордаға отандық "ЗИКСТО" зауытының заманауи плацкарт және купе жолаушылар вагондарының бірінші партиясы жеткізілді.

Жаңа 50 вагон Қарағанды - Жезқазған, Атырау - Маңғыстау, Атырау - Ақтөбе бағыттарында қатынайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны