09.03.2016, 16:05 7889

Қазақстанда міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрініӊ 2016 жылғы 14 қаӊтардағы № 26 бұйрығына сәйкес аталған талаптар "білім берудіӊ зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларыныӊ арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердіӊ белгілерін жоюға бағытталған"

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрініӊ 2016 жылғы 14 қаӊтардағы № 26 бұйрығына сәйкес аталған талаптар "білім берудіӊ зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларыныӊ арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердіӊ белгілерін жоюға бағытталған", деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

"Мектеп формасыныӊ үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыӊғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасыныӊ түсі қалыпты және ашық емес түстерден таӊдалады. Мектеп формасы білім алушылардыӊ жас ерекшеліктеріне қарай енгізіліп, күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді", - делінген құжатта.

Ұлдардыӊ мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыздардыӊ мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Ұлдардыӊ мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.

Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасыныӊ негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.

"Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды", - делінген хабарламада.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымыныӊ ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімніӊ немесе аксессуардыӊ (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.

Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарыныӊ өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.

Сондай-ақ, жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.

Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.

Мектеп формасыныӊ матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады.

Мектеп формасыныӊ түсін, фасонын таӊдауды және юбканыӊ ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеӊес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысыныӊ хаттамасымен бекітіледі.

Облыстардыӊ, Астана және Алматы қалаларыныӊ білім басқармалары, аудандық (қалалық) білім бөлімдері ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден сатып алуды ұсынады, бірақ оларды нақты өндірушілерден сатып алуды міндеттемейді немесе оқу орнында форма сатуды ұйымдастырмайды.

Мектеп басшысы ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін мектеп формасыныӊ бекітілуін қамтамасыз етеді. Білім алушылардыӊ мектеп формасын сақтауы мәселесін қоғамдық кеӊестіӊ талқылауына шығарылады. Басшы осы талаптармен ата-аналарды немесе заӊды өкілдерді білім алушыны білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш (еркін нысанда) беру кезінде қол қойғызу арқылы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысында таныстырады.

Бұйрыққа сәйкес ата-аналар мен өзге де заӊды өкілдер мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысады және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді, оны кез келген сауда желісінен сатып алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны