12.03.2021, 20:14 13322

Маңғыстау облысында мұнай қалдықтарымен ластанған 10 полигон толықтай тазартылды

"Қазмұнайгаз" 2024 жылға дейін мұнаймен бүлінген жерлерді толық қалпына келтіріп беруге уәде етіп отыр.
Нұр-Сұлтан. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысындағы мұнай қалдықтарының он полигонын тазарту туралы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today министрдің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Экологиялық маңызы зор жұмысты Министрлік мен "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы жүзеге асырдық. Кеңес кезеңінен бері мұнда мұнай қалдықтарымен ластанған жерлер 47 гектарға жеткенін атап өтуіміз керек. Компания соның әзірге 6 гектарын, яғни 350 мың тонна топырақты тазартты", - деп жазды Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында.

 
Оның айтуынша, енді топырағы қайта өңделген аумақ мемлекеттік бақылау органдарының қарауында болады. 
 

"Қазмұнайгаз" 2024 жылға дейін мұнаймен бүлінген жерлерді толық қалпына келтіріп беруге уәде етіп отыр. Маңғыстау облысы - еліміздегі экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері өткір тұрған өңірлердің бірі. Сондықтан экология министрлігі табиғат пайдаланушылардың жауапкершілігін арттырып, жергілікті халықпен тығыз байланыстағы жұмысты жалғастыра береді", - деді министр.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны