22.11.2021, 20:20 61259

Нұр-Сұлтан мектептерінде екінші ауысымдағы бастауыш сыныптардың сабақтары қашықтықтан өтеді

Нұр-Сұлтан мектептерінде екінші ауысымдағы бастауыш сыныптардың сабақтары қашықтықтан өтеді
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚАРАША - Елордада екінші ауысымдағы жекелеген сыныптарға сабақтар онлайн форматқа ауытырылды.
 

22 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген қалалық Білім басқармасының мәліметінде. 

 
Естеріңізге сала кетейік, синоптиктердің болжамына сәйкес, 22-23 қарашада Нұр-Сұлтанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны