21.03.2023, 18:39 37701
Тоқаев Nomad Stunts тобының басшысына ер-тоқым сыйлады
Сурет: akorda.kz
Достарға айту
Топтың жетекшісі Президентке 2020 жылы каскадерлерге берілетін сыйлығын жеңіп алғанын айтты
Астана. 21 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожиновке ер-тоқым сыйлады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының өнерін тамашалады. Каскадерлер аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, садақ ату сияқты ұлттық ойын түрлері мен көшпенділердің әскери шеруін көрсетті.
Nomad Stunts тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов Мемлекет басшысына 2020 жылы каскадерлерге берілетін Taurus World Stunt Awards сыйлығын жеңіп алғанын айтты.
Бұған дейін Президент тазы тұқымды иттердің көрмесін тамашалаған болатын. Асыл тұқымды ит өсіруші Анна Захарова Мемлекет басшысына тазы күшік сыйлады. Наурыз атты күшік бір жарым айлық.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.06.2023, 16:49 1511
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көші-қон бойынша уақытша қызмет көрсетілмейді
Достарға айту
Қазақстанның Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көші-қон бойынша уақытша қызмет көрсетілмейді, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясынан.
Қазақстан Республикасы ІІМ АӨО тарапынан жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты 2023 жылғы 9 маусым сағат 14:00-ден бастап 10 маусым сағат 18:00-ге дейін барлық ХҚКО-ларда келесі қызметтерге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.
Атап айтқанда:
*Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қызметі;
*Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі;
*Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қызметі;
*Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу қызметі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2023, 16:11 1751
Алматыда екі апта бойы жылу жүйелері сынақтан өткізіледі
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
14-26 маусым күндері Алматының 8 ауданында жылу желілері гидравликалық сынақтан өткізіледі, деп хабарлайды "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметінен.
Алматы жылу жүйесі" кәсіпорны қала тұрғындары мен қонақтарын күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін: жер бетіне судың ағып шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы т.б. Мұндай жағдайларда өз бетінше ешқандай әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-ға хабарлаңыз (378-06-48, 378-06-62, call-орталық телефондары: 341-07-00, 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109", - деп ескертті "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.
Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі төмендегідей:
14 маусым
Алмалы және Жетісу аудандары: Мақатаев-Рысқұлов-Байзақов-Яблочков көшелері.
Наурызбай ауданы: Райымбек - Жүнісов - Абай - Алтын Орда көшелері.
14 және 15 маусым
Әуезов, Алмалы аудандары: Ұлықбек - Рысқұлбеков - Сайын - Үлкен Алматы өзені.
Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр - Мұратбаев - Мақатаев - Сейфуллин - Тобаяқов - Назарбаев - Мәметова - Уәлиханов көшелері.
14-23 маусым аралығында
Бостандық ауданы: Асқаров - Мирас шағын ауданы - "Алматы" шипажайы - Сайын көшесі - Әл-Фараби даңғылы - Қазақфильм шағын ауданы - Рысқұлбеков - Каблуков - Басенов - Өтепов - Розыбақиев - Жароков көшелері - Алмагүл шағын ауданы - Ходжанов - ҚазҰУ - Тимирязев - М.Ганди - Назарбаев даңғылы, Лисянский - Розыбақиев - Жароков көшелері - Эксперименттік база - Қожанов көшесі - Әл-Фараби даңғылы - Алмагүл шағын ауданы, Орбита 1, 2, 3, 4 шағын аудандары - Сайын - Рысқұлбеков - Розыбақиев көшелері - Үлкен Алматы өзені - Өтепов - Жароков - Басенов көшелері.
Медеу ауданы: Тайманов - Чайкина көшелері- Достық даңғылы - Меңдіқұлов көшесі - Әл-Фараби даңғылы - Жолдасбеков көшесі - Достық даңғылы - Байжанов көшесі - ІІМ шипажайы.
15 маусым
Алатау ауданы: Аққайнар - Мамбетов кенті - БАҚ-тың оңтүстік жағы.
15 және 16 маусым
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин даңғылы - Рысқұлов - Жангелдин - Райымбек - Куратов - Гоголь көшелері.
16 маусым
Алатау ауданы: Райымбек - Отырар - Рысқұлов - Немирович - Данченко, Мөңке би - Момышұлы - Райымбек - Фариза Оңғарсынова көшелері;
Әуезов ауданы: Ұлықбек - Жандосов - Сайын - Яссауи көшелері;
Алмалы ауданы: Шөкин - Петров - Қарасай батыр - Райымбек даңғылы.
19 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр - Мақатаев -Розыбақиев - Шәріпова көшелері.
19 және 20 маусым
Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь - Курганская - Сәтбаев - Чайковский көшелері.
20 және 21 маусым
Әуезов ауданы: Төле би - Райымбек - Яссауи - Емцов көшелері;
Әуезов және Алмалы аудандары: Төле би - Рысқұлов - Яссауи - Ислам Каримов көшелері;
Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би - Панфилов - Шевченко - Желтоқсан - Сәтбаев - Байтұрсынов көшелері.
21 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр - Тимирязев - Шағабұтдинов - Розыбақиев көшелері.
21-23 маусым аралығында
Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов - Абай - Желтоқсан - Тимирязев - Гоголь - Есентай өзені.
22 және 23 маусым
Наурызбай ауданы: Проектируемая - Айтбаев - Райымбект - Алтын Алаш көшелері.
Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандары: Төле би - Сәтбаев - Әшімов - Ислам Каримов көшелері.
23 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр - Жандосов - Варламов -Айманов көшелері.
26 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр - Өтепов - Розыбақиев - Байзақов көшелері.
Аталған аумақтардың контурында тұратын барлық тұтынушыға ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазылған "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2023, 14:21 2261
Мүгедектігі бар жандарға жағдай жасамаған нысан басшыларына 60 млн теңге айыппұл салынды
Алдағы екі жылда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 13 мыңға жуық нысан бейімделеді
Достарға айту
Былтыр мүгедектігі бар жандар үшін қолайлы жағдай жасамаған 300-ге жуық нысанның басшысына 60 млн теңге айыппұл салынды. Мұны Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды Inform.kz.
Былтыр комитеттің аумақтық департаменттері мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде 1 181 тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде 4 мыңнан астам талапқа сай келмейтін фактілер анықталды. Тиісінше, нысан иелеріне 900-ден астам ұйғарым беріліп, 60 млн теңгеден астам сомаға 300-ге жуық айыппұл салынды", - деп мәлім етті", - Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Жалпы ел бойынша бұл бағытта тексеру жүргізетін 227 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамында 1 630 адам бар.
Былтырдан бастап Еңбек министрлігі жанынан мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін қарау бойынша республикалық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына мүгедектігі бар адамдар бірлестіктерінің төрағалары, мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша әкімдердің кеңесшілері және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді", - деп түйіндеді Төлеген Оспанқұлов.
Сонымен қоса комитет басшысы алдағы екі жылда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 13 мыңға жуық нысан бейімделетінін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2023, 10:07 3036
Қазақстанда ауа райы бойынша 53 жыл бұрынғы рекорд жаңарды
Сурет: AstanaTV
Достарға айту
Мамырда Қазақстанның батысында 53 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды, деп хабарлайды AstanaTV.
Қазгидромет" РМК мәліметінше, айдың басында республиканың батыс жартысында, ал айдың аяғында Қазақстанның басым бөлігінде жаз мезгіліндегідей ыстық ауа райы байқалды, бұл температуралық рекордтарға алып келді.
1 мамырда Маңғыстау облысында Аққұдық метеостанциясында ең жоғары ауа температурасы +34,1°С тіркелді, осылайша 2005 жылғы рекорд (+33,9°С) жаңарды, Сам метеостанциясында ауа температурасы +32,5°С болды, соңғы рет сол күні максимал температура 1975 жылы (+31,0°С) байқалды, Құлсары метеостанциясында (Атырау облысы) термометр бағаны +33,4°С белгісіне жетті, бұл 1986 жылғы рекордты (+31,8°С) жаңартты, 2 мамырда дәл осы станцияда ең жоғары ауа температурасы +32,4°С болды, осылайша 1970 жылғы ауа температурасы +32,2°С құраған рекордынан асты, Тайпақ метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) термометр бағаны +32,2°С белгісіне жетті, осылайша 1970 жылғы рекорд (+31,4°С) жаңарды", - делінген хабарламада.
11 мамырда Баянауыл метеостанциясында (Павлодар облысы) ең жоғары ауа температурасы +31,3°С тіркелді, осылайша 1976 жылғы рекорд (+30,0°С) жаңартылды, Жарық метеостанциясында (Қарағанды облысы) максимал ауа температурасы +29,6°С болды, соңғы рет сол күні максимал температура 1991 жылы (+29,0°С) байқалды, Қызылорда метеостанциясында (Қызылорда облысы) термометр бағаны +35,6°С белгісіне жетті, бұл 2019 жылғы рекордты (+34,7°С) жаңартты, 27 мамырда Ақтау метеостанциясында (Маңғыстау облысы) ең жоғары ауа температурасы +36,2°С болды, осылайша 2000 жылғы ауа температурасы +34,0°С рекордынан асты, 30 мамырда Қостанай метеостанциясында (Қостанай облысы) термометр бағаны +34,9°С белгісіне жетті, осылайша 2021 жылғы рекорд (+34,5°С) жаңарды, делінген хабарламада.
Мамырдың басында еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына ауа температурасының төмендеуі мен үсікке алып келген Шығыс Сібір ауданынан салқын ауа массалары жетті. Рекордтарға тоқталатын болсақ: 2 мамырда түнгі уақытта Ақтоғай метеостанциясында (Қарағанды облысы) ауаның ең төменгі температурасы -6,8°С болды, осылайша 1969 жылғы рекорд (-5,0°С) жаңарды, 3 мамырда осы метеостанцияда термометр бағаны -7,8°С белгісіне жетті, соңғы рет сол күні абсолютті минимум 2002 жылы -3,7°С құрады, Риддер метеостанциясында (Шығыс Қазақстан облысы) ауа температурасының рекорд көрсеткіші -5,2°С белгісіне жетті, бұл 1985 жылғы рекордты (-4,5°С) жаңартты, 4 мамырда Ақтоғай метеостанциясында (Қарағанды облысы) ауаның ең төменгі температурасы -8°С болды, осылайша 1997 жылғы ауа температурасы -5,1°С болған кездегі рекордтан асты. 5 мамырда Тараз метеостанциясында (Жамбыл облысы) термометр бағаны -1,1°С белгісіне жетті, соңғы рет сол күні абсолют минимум 1998 жылы +0,5°С болады", - делінген хабарламада.
Температуралық рекордтардан басқа мамырда жауын-шашыннан да рекордтар болды, жекелеген станцияларда жауын-шашын бір тәулікте айлық нормадан көп жауды: Қазалы метеостанциясында (Қызылорда облысы) 16 мамырда бір айлық нормасы 14 мм болған жағдайда 17 мм жауын-шашын жауды, Тасты метеостанциясында (Түркістан облысы) 17 мамырда 18 мм жауын-шашын жауды (бір айлық нормасы 17 мм), Жаланашкөл метеостанциясында (Жетісу облысы) 22 мамырда бір айлық норма 8 мм болған жағдайда бір тәулікте 10 мм жауын-шашын жауды.
Астана қаласында 2023 жылғы мамырда метеорологиялық бақылаулар деректері бойынша ең төменгі ауа температурасы 3 мамырда түнгі уақытта -2,0°С құрады, ең жоғары ауа температурасы 31 мамырда +33,1°С болды.
Бір айда жауған жауын-шашын 0,6 мм (норма 33 мм) болды, бұл норманың 2 пайыз болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.06.2023, 16:24 4751
Алматыда заңсыз салынған 399 сауда нысаны бұзылады
Бүгінде 101 нысан бұзылды, қалғандары осы жылдың соңына дейін алынып тасталады
Достарға айту
Алматыда 2023 жылдың соңына дейін 399 заңсыз сауда нысаны сүріледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Inform.kz.
Қаланың келбетіне нұқсан келтіретін, жан-жағы абаттандырылмаған және тротуарлар мен жол учаскелеріне қоқыс тастайтын заңсыз салынған стационарлық емес сауда объектілеріне шара қабылдануда.
Ерікті сүруді жүзеге асыру үшін заңсыз салынған стационарлық емес сауда объектілері иелерімен түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отыр. Нысан сүрілген соң аудан әкімдіктерімен бірлесіп, заңсыз объект орнатылған аумақ ретке келтіріледі, қоқыстан тазартылады. Мониторинг қорытындысы бойынша, 2022 жылы Алматы қаласы бойынша жер заңнамасын, санитарлық, қала құрылысы және өрт нормаларын бұзған 500 заңсыз салынған стационарлық емес сауда объектісі анықталды. Бүгінде 101 нысан бұзылды, қалғандары осы жылдың соңына дейін алынып тасталады.
Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл алғаш рет "Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта стационарлық емес сауда объектілерін орнату ережелері" қабылданды, онда мұндай объектілерді орнату тәртібі нақты айқындалған. Нысандардың бей-берекет орналасуларын болдырмау үшін қазіргі уақытта "Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру сызбасын" әзірлеу аяқталуда. Сызба бекітілгеннен кейін нысандарды орнатуға болатын нақты мекенжайлар анықталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.06.2023, 15:59 4921
5000 оқушы "Балдаурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығында тегін демалады
Сурет: Gov.kz
Достарға айту
Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында жазғы демалыс маусымы ашылды. Бурабайдағы бас орталық пен Балқаш, Қонаев, Түркістан қалаларындағы филиалдар бұл аусымда мемлекеттік квота бойынша мыңға жуық оқушыны тегін қабылдайды, деп хабарлады Gov.kz.
Ауысым - "Baldauren ART - START" деп аталады. Балалар сауықтыру шараларынан өзге шығармашылықпен айналысады. Өздерінің қалауы бойынша сурет салып, суретке түсіру, бейнемонтаж жасауды меңгереді. Олар үшін түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Сонымен қатар спорттық ойындар, тақырыптық мерекелік кештер, байқаулар, экскурсиялар ұйымдастырылған.Тәулік бойы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.
Айта кетейік, орталық пен филиалдар жаз бойы балаларды 5 ауысым бойынша қабылдайды. Әр ауысым тақырыбы да әр алуан. Балалар өз қызығушылықтарына сай ауысымдарға қатыса алады. Жаз бойы мемлекеттік квотамен 5000 бала тегін қамтылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.06.2023, 17:13 7251
Елімізде алимент мөлшерi қайта қаралуы мүмкін
Бүгінгі таңда алименттің мөлшері борышкердің табысына байланысты белгіленеді
Достарға айту
Кейбір азаматтар алимент төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, баласын асыраудан әдейі жалтарады, табысы мен мүлкін жасырады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Айдос Иманбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды Inform.kz.
Кейбір борышкерлер нақты қаржылық мүмкіндіктері бола тұрып, балаларын асыраудан әдейі жалтарады, табысы мен мүлкін жасырады. Бүгінгі таңда алименттің мөлшері борышкердің табысына байланысты белгіленеді. Бұл теріс пиғылды борышкерлерге табыстарын жасанды түрде азайтып көрсетуге жол береді. Әдетте, бұл борышкерлердің көпшілігі жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеліп, өздеріне ең төменгі жалақы 70 000 теңге белгілейді", - деді мәселе көтерді Айдос Иманбаев.
Оның атап өтуінше, бұл мәселелерді шешу үшін балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган бастамасымен алимент мөлшерiн қайта қарау ұсынысы көтеріліп жатыр.
Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, борышкерлердің жасырын табысын, яғни такси қосымшалары, курьерлік қызметте жұмыс істейтін адамдардың табысын анықтау мәселелерін пысықтауда", - деп бөлісті Айдос Иманбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 14:29 10446
Орыстілді балабақшалар жабылмайды
Білім министрі Асхат Аймағамбетов биылғы жылдан бастап еліміздегі балабақшаларда тәрбие мен оқытудың жаңа моделі іске қосылатынын мәлімдеді.
Достарға айту
6 маусымда үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мемлекеттік балабақшаларды қазақ тілінде оқытуға көшірілетіні жөніндегі қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқу-ағарту министрі бүгінде мемлекеттік балабақшалардың басым бөлігі қазақ тілінде екенін атап өтті.
Қазір сараптама жүргізіп жатырмыз, содан кейін толық ақпарат береміз... Бірақ орыстілді балабақшаларды жабу туралы мәселе ешқашан болмайды, біз мемлекеттік тілді оқытуды күшейтіп жатырмыз", - деді Ғани Бейсембаев.
Оның айтуынша, бүгінде 11 мыңнан астам балабақша болса, оның жартысы мемлекет меншігінде.
Қазақ тіліндегі балабақшаларға деген қажеттілік пен сұранысты көріп отырмыз. Балабақшаларды тек мемлекеттік тілде ұйымдастыруда еш қиындық болмайды: тәрбиешілер де бар, сұраныс та бар. Бұл балабақшалардың мемлекеттік тілде ашылуы заңды процесс", - деді Ғани Бейсембаев.
2022 жылдың 1 ақпанында Қазақстанның бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетов биылғы жылдан бастап еліміздегі балабақшаларда тәрбие мен оқытудың жаңа моделі іске қосылатынын мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
09.06.2023, 10:18Ақтауда төтенше жағдай режимі кемінде 30 күнге созылады 09.06.2023, 10:27 10626Еңбекмині Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп Ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін әзірледі09.06.2023, 13:53 7846«Эйр Астана» қымбат әуебилеттері үшін салынған айыппұлға шағымданбақ09.06.2023, 14:06 7651Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесті09.06.2023, 14:11 7501Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мобильді науқан басталды
08.06.2023, 16:15 16426Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан келген көліктерді заңсыз тіркеудің жолын кесті08.06.2023, 12:34 15216Президент Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында баяндама жасады08.06.2023, 16:06 14546Өзбекстанның премьер-министрі шетелдік инвесторларды Арал теңізінің мәселесін шешуге шақырды07.06.2023, 14:36 14271ЮНЕСКО-ның бас директоры Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды07.06.2023, 11:37 13726Ақтөбе қаласы әкімдігіне уақытша жаңа басшы тағайындалды
25.05.2023, 17:37 55566ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты25.05.2023, 17:46 54306Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды15.05.2023, 16:36 51021Алматыда жануарларға қатыгездік көрсетуге қарсы митинг өтті25.05.2023, 17:25 49721Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқылануда16.05.2023, 22:46 48296Тоқаев бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарын қабылдады