23.06.2026, 14:27 8711

Қоғамдық орындарда беттерін жапқан 1600-ден астам азамат жауапкершілікке тартылды

Қоғамдық орындарда беттерін жапқан 1600-ден астам азамат жауапкершілікке тартылды
Сурет: Depositphotos
Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынғанын еске салады.

Қазіргі уақытта аталған құқық бұзушылық үшін 1613 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұл талап "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңда көзделген. Тыйым ауа райы жағдайларына және медициналық ұсынымдарға қатысты қолданылмайды. Сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де тыйым салынбайды.

ӘҚБтК-нің 434-3-бабына сәйкес, алғаш рет құқық бұзғандарға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

ІІМ бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны