22.09.2022, 14:54 22241

Парламент Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауды мақұлдады

Парламент Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауды мақұлдады
АСТАНА. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заңды қабылдады.
 
Бұл норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қамтылған.
 
Осы орайда "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленетін өзгерістер енгізу қарастырылған. Сондай-ақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынысына қолдау жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті 16 маусымда тұңғыш Ұлттық құрылтай барысында ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынған болатын.
 
Ақпарат көзі: stan.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны