11.01.2022, 10:05 21146

ҚР 11 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: Қазақстан COVID-19 таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа өтті

ҚР 11 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: Қазақстан COVID-19 таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа өтті
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 10 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 999 654 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 216 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Cұлтан қаласында - 1 494,
 
Алматы қаласында - 80, 
 
Шымкент қаласында - 141, 
 
Ақмола облысында - 27, 
 
Ақтөбе облысында - 34, 
 
Алматы облысында - 29, 
 
Атырау облысында - 97, 
 
ШҚО-да - 24, 
 
Жамбыл облысында - 46, 
 
БҚО-да - 24, 
 
Қарағанды облысында - 51, 
 
Қостанай облысында - 3, 
 
Қызылорда облысында - 37, 
 
Маңғыстау облысында - 28, 
 
Павлодар облысында - 39, 
 
СҚО-да - 25, 
 
Түркістан облысында - 37.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 547 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 964 713 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
11 қаңтарға КВИ-ден 23 725 адам (21 884 КВИ+ және 1 841 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 3 139 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 20 586 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 188 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 67 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 47 пациент бар.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, ПТР-тестпен (КВИ+) расталған коронавирустық инфекциядан пандемия басталғаннан бері 13 057 адам қайтыс болды, оның екеуі соңғы тәулікте.
 
2022 жылдың 9 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 14 жағдайы тіркелді. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 84 334, өлім - 5 229.
 
Қазақстанда 2022 жылғы 10 қаңтарда I компонентпен 9 018 784 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 556 465 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2022 жылғы 11 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан және Шымкент "қызыл" аймақта; Алматы қ., Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары "сары" аймақта. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны