11.03.2022, 16:31 32806

ҚР 11 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 ауруының 119 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 11 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 ауруының 119 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 11 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 10 наурыз 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 304 220 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 119 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 10, 
 
Алматы қаласында - 33, 
 
Шымкент қаласында - 2, 
 
Ақмола облысында - 2, 
 
Ақтөбе облысында - 3, 
 
Алматы облысында - 3, 
 
Атырау облысында - 2, 
 
ШҚО-да - 7, 
 
Жамбыл облысында - 1, 
 
БҚО-да - 9, 
 
Қарағанды облысында - 7, 
 
Қостанай облысында - 11, 
 
Қызылорда облысында - 1, 
 
Маңғыстау облысында - 0, 
 
Павлодар облысында - 9, 
 
СҚО-да - 19, 
 
Түркістан облысында - 0.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 032 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 279 719 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
11 наурызға КВИ-ден 11 910 адам (10 859 КВИ+ және 1 051 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 1 124 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 10 786 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 95 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 30 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 22 пациент бар. 
 
2022 жылғы 10 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның (КВИ -) 44 жағдайы тіркелді, өлім жағдайы тіркелген жоқ, 24 адам сауығып кетті.
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 370, өлім - 5347, сауыққандар - 81 972.
 
9 наурызда КВИ-ден 1 адам қайтыс болды. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 10 наурызға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 642 өлім жағдайы тіркелді.
 
Қазақстанда 2022 жылғы 10 наурызға I компонентпен 9 415 905 адам вакцинацияланды, II компонентпен 9 052 853 адам вакцинацияланды. 
 
ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны