12.01.2022, 12:04 18746

ҚР 12 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 4 810 адам COVID-19 жұқтырған

ҚР 12 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 4 810 адам COVID-19 жұқтырған
НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 11 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 004 464 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 4 810 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 3 312; 
 
Алматы қаласында - 210; 
 
Шымкент қаласында - 221; 
 
Ақмола облысында - 48; 
 
Ақтөбе облысында - 75; 
 
Алматы облысында - 69; 
 
Атырау облысында - 139; 
 
ШҚО-да - 78; 
 
Жамбыл облысында - 52; 
 
БҚО-да - 79; 
 
Қарағанды облысында - 75; 
 
Қостанай облысында - 39; 
 
Қызылорда облысында - 125; 
 
Маңғыстау облысында - 156; 
 
Павлодар облысында - 46; 
 
СҚО-да - 31; 
 
Түркістан облысында - 55.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 083 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 965 796 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
12 қаңтарға КВИ-ден 27 423 адам (25 609 КВИ+ және 1 814 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 3 409 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 24 014 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 187 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 59 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 41 пациент бар. 
 
2022 жылдың 10 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 79 жағдайы тіркелді, 106 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 84 413, өлім - 5 229, сауыққандар - 77 370.
 
Қазақстанда 2022 жылғы 11 қаңтарда I компонентпен 9 026 131 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 568 324 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2022 жылғы 12 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан және Шымкент "қызыл" аймақта; Алматы қ., Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары "сары" аймақта. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны