12.11.2021, 18:28 22928

ҚР 12 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 1 260 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 12 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 1 260 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚАРАША - 2021 жылғы 11 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 954 146 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 260 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 121; 
 
Алматы қаласында - 146; 
 
Шымкент қаласында - 32; 
 
Ақмола облысында - 98; 
 
Ақтөбе облысында - 20; 
 
Алматы облысында - 83; 
 
Атырау облысында - 28; 
 
ШҚО-да - 93; 
 
Жамбыл облысында - 15; 
 
БҚО-да - 38; 
 
Қарағанды облысында - 135; 
 
Қостанай облысында - 116; 
 
Қызылорда облысында - 24; 
 
Маңғыстау облысында - 6; 
 
Павлодар облысында - 129; 
 
СҚО-да - 161; 
 
Түркістан облысында - 15.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 120 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 910 246 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
12 қарашаға КВИ-ден 36 648 адам (31 523 КВИ+ және 5 125 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 6 542 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 30 106 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 472 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 139 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 86 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 11 қарашаға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 377 өлім жағдайы тіркелген. 10 қараша күні КВИ-ден 28 адам қайтыс болды. 
 
10 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 152 жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды және 206 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 80 905, өлім – 5 084, сауыққандар – 70 696. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 11 қарашаға I компонентпен 8 478 672 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 753 142 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны