13.10.2021, 16:08 14036

ҚР 13 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚАЗАН - 2021 жылғы 12 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 908 847 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 707 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 240; 
 
Алматы қаласында - 269; 
 
Шымкент қаласында - 63; 
 
Ақмола облысында - 115; 
 
Ақтөбе облысында - 77; 
 
Алматы облысында - 137; 
 
Атырау облысында - 43; 
 
ШҚО-да - 74; 
 
Жамбыл облысында - 25; 
 
БҚО-да - 49; 
 
Қарағанды облысында - 158; 
 
Қостанай облысында - 98; 
 
Қызылорда облысында - 28; 
 
Маңғыстау облысында - 14; 
 
Павлодар облысында - 150; 
 
СҚО-да - 136; 
 
Түркістан облысында - 31.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 958 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 850 849 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
13 қазанға КВИ-ден 53 330 адам (46 385 КВИ+ және 6 945 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 9 285 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 44 045 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 693 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 187 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 118 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 12 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 613 өлім жағдайы тіркелген. 11 қазан күні КВИ-ден 29 адам қайтыс болды. 
 
11 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 176 жағдайы тіркелді, 6 адам қайтыс болды және 289 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 77 434, өлім – 4 931, сауыққандар – 65 558. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 12 қазанға I компонентпен 7 915 434 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 983 073 адам вакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны