13.09.2021, 16:52 6018

ҚР 13 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирус пен пневмониядан 70 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 12 қыркүйекке 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 842 587 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 3 088 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 325; 
 
Алматы қаласында - 719; 
 
Шымкент қаласында – 95; 
 
Ақмола облысында - 194; 
 
Ақтөбе облысында - 140; 
 
Алматы облысында – 218; 
 
Атырау облысында – 86; 
 
ШҚО–да – 158; 
 
Жамбыл облысында – 58; 
 
БҚО–да – 69; 
 
Қарағанды облысында – 379; 
 
Қостанай облысында – 159; 
 
Қызылорда облысында – 51; 
 
Маңғыстау облысында – 123; 
 
Павлодар облысында – 204; 
 
СҚО-да - 73; 
 
Түркістан облысында - 37.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 3 959 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 762 049 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
13 қыркүйекке КВИ-ден 78 512 адам (70 184 КВИ+ және 8 328 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 16 345 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 62 167 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 276 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 340 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 196 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 12 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 10 354 өлім жағдайы тіркелген. 11 қыркүйек күні КВИ-ден 57 адам қайтыс болды. 
 
11 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 54 жағдайы тіркелді, 13 адам қайтыс болды және 18 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 72 796, өлім – 4 677, сауыққандар – 59 791. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 12 қыркүйекке I компонентпен 7 087 994 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 906 080 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 13 қыркүйектегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан.
 
"Сары "аймақта - Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.
 
"Жасыл" аймақта - Түркістан облысы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны