13.12.2021, 17:17 68448

ҚР 13 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирустың 500-ден кем жағдайы анықталды

ҚР 13 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирустың 500-ден кем жағдайы анықталды
Сурет: kyiv.comments.ua
НҰР-СҰЛТАН. 13 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 12 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 979 975 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 491 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 81; 
 
Алматы қаласында - 14; 
 
Шымкент қаласында - 5; 
 
Ақмола облысында - 59; 
 
Ақтөбе облысында - 2; 
 
Алматы облысында - 12; 
 
Атырау облысында - 0; 
 
ШҚО-да - 12; 
 
Жамбыл облысында - 2; 
 
БҚО-да - 10; 
 
Қарағанды облысында - 90; 
 
Қостанай облысында - 60; 
 
Қызылорда облысында - 3; 
 
Маңғыстау облысында - 3; 
 
Павлодар облысында - 66; 
 
СҚО-да - 66; 
 
Түркістан облысында - 6.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 543 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 948 757 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
13 желтоқсанға КВИ-ден 21 128 адам (18 354 КВИ+ және 2 774 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 4 147 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 16 981 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 330 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 88 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 64 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың 13 наурызынан 12 желтоқсанына дейін ПТР оң тестімен коронавирустан 12 864 өлім тіркелді. 11 желтоқсанда КВИ-ден 12 адам қайтыс болды.
 
2021 жылдың 11 желтоқсанында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 21 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 39 адам сауығып кетті.
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 83 435, өлім – 5 185, сауыққандар – 75 476. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 12 желтоқсанда I компонентпен 8 856 816 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 290 398 адам вакцинацияланды. 
 
Pfizer вакцинасының I дозамен егілді: жасөспірімдер - 145 975, жүкті әйелдер - 10 716, бала емізетін әйелдер - 25 988. II дозамен: жасөспірімдер - 11 202, жүкті әйелдер - 1 162, бала емізетін әйелдер - 2 879. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны