14.03.2022, 17:09 9926

ҚР 14 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 ауруының 64 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 14 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 ауруының 64 жаңа жағдайы тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. 14 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 13 наурыз 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 304 506 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 8, 
 
Алматы қаласында - 31, 
 
Шымкент қаласында - 1, 
 
Ақмола облысында - 1, 
 
Ақтөбе облысында - 0, 
 
Алматы облысында - 4, 
 
Атырау облысында - 0, 
 
ШҚО-да - 1, 
 
Жамбыл облысында - 1, 
 
БҚО-да - 0, 
 
Қарағанды облысында - 1, 
 
Қостанай облысында - 2, 
 
Қызылорда облысында - 0, 
 
Маңғыстау облысында - 0, 
 
Павлодар облысында - 1, 
 
СҚО-да - 12, 
 
Түркістан облысында - 1.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 211 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 281 182 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
14 наурызға КВИ-ден 10 716 адам (9 676 КВИ+ және 1 040 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 945 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 9 771 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 89 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 26 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 18 пациент бар. 
 
2022 жылғы 12 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның (КВИ -) 3 жағдайы тіркелді. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 13 наурызға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 648 өлім жағдайы тіркелді. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 13 наурызға I компонентпен 9 425 219 адам вакцинацияланды, II компонентпен 9 074 986 адам вакцинацияланды. 
 
ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны