15.11.2021, 18:55 63880

ҚР 15 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: екі өңір COVID-19 таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймақта орналасқан

ҚР 15 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: екі өңір COVID-19 таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймақта орналасқан
Сурет: ks-region69.com
НҰР-СҰЛТАН. 15 ҚАРАША - 2021 жылғы 14 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 957 537 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 038 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 112; 
 
Алматы қаласында - 143; 
 
Шымкент қаласында - 4; 
 
Ақмола облысында - 79; 
 
Ақтөбе облысында - 15; 
 
Алматы облысында - 52; 
 
Атырау облысында - 16; 
 
ШҚО-да - 55; 
 
Жамбыл облысында - 9; 
 
БҚО-да - 17; 
 
Қарағанды облысында - 112; 
 
Қостанай облысында - 113; 
 
Қызылорда облысында - 18; 
 
Маңғыстау облысында - 13; 
 
Павлодар облысында - 125; 
 
СҚО-да - 141; 
 
Түркістан облысында - 14.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 271 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 915 369 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
15 қарашаға КВИ-ден 34 675 адам (29 734 КВИ+ және 4 941 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 6 925 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 27 750 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 520 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 120 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 104 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 14 қарашаға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 434 өлім жағдайы тіркелген. 13 қараша күні КВИ-ден 15 адам қайтыс болды. 
 
13 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 43 жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды және 88 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 81 182, өлім – 5 097, сауыққандар – 71 144. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 15 қарашаға I компонентпен 8 539 432 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 817 732 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны