17.09.2021, 18:24 9229

ҚР 17 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирус пен пневмониядан 70 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. 17 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 16 қыркүйекке 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 854 742 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 3 081 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Cұлтан қаласында – 338; 
 
Алматы қаласында – 651; 
 
Шымкент қаласында – 102; 
 
Ақмола облысында – 170; 
 
Ақтөбе облысында – 224; 
 
Алматы облысында – 252; 
 
Атырау облысында – 98; 
 
ШҚО–да – 114; 
 
Жамбыл облысында – 71; 
 
БҚО–да – 103; 
 
Қарағанды облысында – 392; 
 
Қостанай облысында – 140; 
 
Қызылорда облысында – 64; 
 
Маңғыстау облысында – 40; 
 
Павлодар облысында – 198; 
 
СҚО-да - 72; 
 
Түркістан облысында - 52.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 4 763 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 779 869 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
17 қыркүйекке КВИ-ден 72 789 адам (64 262 КВИ+ және 8 527 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 13 610 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 59 179 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 064 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 317 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 192 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 16 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 10 611 өлім жағдайы тіркелген. 15 қыркүйек күні КВИ-ден 62 адам қайтыс болды. 
 
15 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 236 жағдайы тіркелді, 8 адам қайтыс болды және 187 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 73 599, өлім – 4 714, сауыққандар – 60 358. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 16 қыркүйекке I компонентпен 7 228 047 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 059 729 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 17 қыркүйектегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматық., Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан.
 
"Сары" аймақта - Шымкент қ., Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Түркістан облысы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны