01.02.2022, 16:28 15306

ҚР 1 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 5 466 жаңа коронавирус ауруы

ҚР 1 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 5 466 жаңа коронавирус ауруы
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 1 АҚПАН - 2022 жылғы 31 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 238 954 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 5 466 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтанда - 421, 
 
Алматыда - 1 037, 
 
Шымкентте - 40, 
 
Ақмола облысында - 691, 
 
Ақтөбе облысында - 195, 
 
Алматы облысында - 232, 
 
Атырау облысында - 48, 
 
ШҚО-да - 183, 
 
Жамбыл облысында - 58, 
 
БҚО-да - 115, 
 
Қарағанды облысында - 729, 
 
Қостанай облысында - 453, 
 
Қызылорда облысында - 20, 
 
Маңғыстау облысында - 66, 
 
Павлодар облысында - 803, 
 
СҚО-да - 358, 
 
Түркістан облысында - 17.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 15 816 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 085 679 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
1 ақпанға КВИ-ден 141 347 адам (140 015 КВИ+ және 1 332 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 10 551 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 130 796 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 423 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 165 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 90 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 260 өлім жағдайы тіркелген. 30 қаңтарда КВИ-ден 18 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 30 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 13 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болды, 23 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 86 339, өлім - 5 268, сауыққандар - 79 739. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 31 қаңтарда I компонентпен 9 194 581 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 766 652 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент қ., Қызылорда облысы. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны