01.11.2021, 18:18 13809

ҚР 1 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 1 395 жаңа жағдайы

ҚР 1 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 1 395 жаңа жағдайы
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚАРАША - 2021 жылғы 31 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 940 612 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 395 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 151; 
 
Алматы қаласында - 206; 
 
Шымкент қаласында - 9; 
 
Ақмола облысында - 120; 
 
Ақтөбе облысында - 37; 
 
Алматы облысында - 86; 
 
Атырау облысында - 20; 
 
ШҚО-да - 95; 
 
Жамбыл облысында - 7; 
 
БҚО-да - 29; 
 
Қарағанды облысында - 138; 
 
Қостанай облысында - 115; 
 
Қызылорда облысында - 26; 
 
Маңғыстау облысында - 2; 
 
Павлодар облысында - 198; 
 
СҚО-да - 143; 
 
Түркістан облысында - 13.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 730 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 887 705 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
1 қарашаға КВИ-ден 46 492 адам (40 793 КВИ+ және 5 699 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 8 412 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 38 080 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 590 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 149 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 94 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 31 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 114 өлім жағдайы тіркелген. 30 қазан күні КВИ-ден 18 адам қайтыс болды. 
 
30 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 28 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды және 57 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 79 652, өлім – 5 036, сауыққандар – 68 917. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 1 қарашаға I компонентпен 8 300 105 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 500 328 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны