01.03.2022, 17:09 15816

ҚР 1 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: Алматы COVID-19 таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймаққа өтті

ҚР 1 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: Алматы COVID-19 таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймаққа өтті
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 1 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 28 ақпан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 302 550 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 

Қазақстанда өткен тәулікте 228 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласында - 14; 

Алматы қаласында - 94; 

Шымкент қаласында - 3; 

Ақмола облысында - 7; 

Ақтөбе облысында -1; 

Алматы облысында - 11; 

Атырау облысында - 6; 

ШҚО-да - 12; 

Жамбыл облысында - 4; 

БҚО-да - 2; 

Қарағанды облысында - 14; 

Қостанай облысында - 18; 

Қызылорда облысында - 2; 

Маңғыстау облысында - 0; 

Павлодар облысында - 19; 

СҚО-да - 21; 

Түркістан облысында - 0. 

Қазақстанда бір тәулік ішінде 1627 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 269 129 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.

1 наурызға КВИ-ден 20 891 адам (19 815 КВИ+ және 1 076 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде

- стационарларда - 2 391 пациент бар; 

- амбулаториялық деңгейде - 18 500 пациент. 

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 

- ауыр халде – 193 пациент, 

- аса ауыр халде – 55 пациент, 

- ӨЖЖ аппаратында – 45 пациент бар. 

2022 жылғы 28 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар 1 пневмонияның жағдайы тіркелді, 15 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 120, өлім - 5 341, сауыққандар - 81 703. 

Қазақстанда 2022 жылғы 28 ақпанда I компонентпен 9 385 399 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 991 492 адам вакцинацияланды

"Сары" аймақта: Солтүстік Қазақстан облыстары. 

"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны