01.12.2021, 13:32 82175

ҚР 1 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 751 жаңа жағдайы

ҚР 1 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 751 жаңа жағдайы
Сурет: news.bigmir.net
НҰР-СҰЛТАН. 1 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 30 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 972 292 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 751 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 125, 
 
Алматы қаласында - 53, 
 
Шымкент қаласында - 13, 
 
Ақмола облысында - 69, 
 
Ақтөбе облысында - 4, 
 
Алматы облысында - 14, 
 
Атырау облысында - 10, 
 
ШҚО-да - 39, 
 
Жамбыл облысында - 7, 
 
БҚО-да - 27, 
 
Қарағанды облысында - 128, 
 
Қостанай облысында - 81, 
 
Қызылорда облысында - 5, 
 
Маңғыстау облысында - 2, 
 
Павлодар облысында - 89, 
 
СҚО-да - 78, 
 
Түркістан облысында - 7.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 433 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 937 383 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
1 желтоқсанға КВИ-ден 25 694 адам (22 206 КВИ+ және 3 488 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 5 395 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 20 299 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 366 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 111 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 69 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 30 қарашаға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 703 өлім жағдайы тіркелген. 29 қараша күні КВИ-ден 11 адам қайтыс болды. 
 
29 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 130 жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды және 215 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 82 680, өлім – 5 153, сауыққандар – 74 039. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 30 қарашаға I компонентпен 8 743 107 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 105 460 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 30 қарашада "Pfizer" вакцинасының I компонентімен 96 327 адам вакцинацияланды. Оның ішінде: жасөспірімдер - 76 211, жүкті әйелдер - 6 216, бала емізетін әйелдер - 13 900. 
 
"Қызыл" аймақта: Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны