20.09.2021, 16:48 5765

ҚР 20 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирустың 2 438 жаңа жағдайы

НҰР-СҰЛТАН. 20 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 19 қыркүйекке 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 862 862 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 438 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 299; 
 
Алматы қаласында – 506; 
 
Шымкент қаласында – 81; 
 
Ақмола облысында – 135; 
 
Ақтөбе облысында – 106; 
 
Алматы облысында – 166; 
 
Атырау облысында – 75; 
 
ШҚО–да – 115; 
 
Жамбыл облысында – 56; 
 
БҚО–да – 67; 
 
Қарағанды облысында – 340; 
 
Қостанай облысында – 115; 
 
Қызылорда облысында – 41; 
 
Маңғыстау облысында – 14; 
 
Павлодар облысында – 192; 
 
СҚО-да - 72; 
 
Түркістан облысында - 58.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 944 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 790 394 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
20 қыркүйекке КВИ-ден 70 290 адам (61 705 КВИ+ және 8 585 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 13 333 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 56 957 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 051 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 278 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 143 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 19 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 10 763 өлім жағдайы тіркелген. 18 қыркүйек күні КВИ-ден 37 адам қайтыс болды. 
 
18 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 67 жағдайы тіркелді, 6 адам қайтыс болды және 50 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 74 092, өлім – 4 740, сауыққандар – 60 767. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 19 қыркүйекке I компонентпен 7 300 062 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 161 154 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.
 
"Сары" аймақта: Шымкент, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл облыстары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны