21.12.2021, 18:08 77836

ҚР 21 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте коронавирустың 369 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 21 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте коронавирустың 369 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: indyturk.com
НҰР-СҰЛТАН. 21 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 20 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 983 663 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 369 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 74, 
 
Алматы қаласында - 31, 
 
Шымкент қаласында - 3, 
 
Ақмола облысында - 39, 
 
Ақтөбе облысында - 3, 
 
Алматы облысында - 11, 
 
Атырау облысында - 6, 
 
ШҚО-да - 14, 
 
Жамбыл облысында - 4, 
 
БҚО-да - 2, 
 
Қарағанды облысында - 70, 
 
Қостанай облысында - 8, 
 
Қызылорда облысында - 3, 
 
Маңғыстау облысында - 4, 
 
Павлодар облысында - 44, 
 
СҚО-да - 50, 
 
Түркістан облысында - 3.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 765 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 953 971 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
21 желтоқсанға КВИ-ден 19 302 адам (16 756 КВИ+ және 2 546 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 3 207 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 16 095 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 271 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 74 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 53 пациент бар. 
 
2021 жылдың 19 желтоқсанында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы тіркелді, 5 адам қайтыс болды, 11 адам сауығып кетті. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 83 646, өлім – 5 201, сауыққандар – 75 899. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 20 желтоқсанда I компонентпен 8 907 254 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 382 069 адам вакцинацияланды. 
 
Pfizer вакцинасының I дозамен егілді: жасөспірімдер - 177 046, жүкті әйелдер - 13 135, бала емізетін әйелдер - 32 403. II дозамен: жасөспірімдер - 41 135, жүкті әйелдер - 3 246, бала емізетін әйелдер - 8 220. 
 
"Сары" аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны