22.10.2021, 18:37 16897

ҚР 22 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 36 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚАЗАН - 2021 жылғы 21 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 924 802 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 742 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 178; 
 
Алматы қаласында - 292; 
 
Шымкент қаласында - 41; 
 
Ақмола облысында - 143; 
 
Ақтөбе облысында - 46; 
 
Алматы облысында - 89; 
 
Атырау облысында - 44; 
 
ШҚО-да - 105; 
 
Жамбыл облысында - 35; 
 
БҚО-да - 52; 
 
Қарағанды облысында - 139; 
 
Қостанай облысында - 128; 
 
Қызылорда облысында - 38; 
 
Маңғыстау облысында - 9; 
 
Павлодар облысында - 202; 
 
СҚО-да - 159; 
 
Түркістан облысында - 42.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 719 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 867 961 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
22 қазанға КВИ-ден 51 216 адам (44 962 КВИ+ және 6 254 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 8 851 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 42 365 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 625 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 172 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 109 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 21 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 879 өлім жағдайы тіркелген. 20 қазан күні КВИ-ден 32 адам қайтыс болды. 
 
20 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 151 жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды және 240 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 78 460, өлім – 4 992, сауыққандар – 67 214. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 21 қазанға I компонентпен 8 124 473 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 269 888 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны