23.11.2021, 18:34 32524

ҚР 23 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 инфекциясының 769 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 23 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 инфекциясының 769 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: AP ТАСС
НҰР-СҰЛТАН. 23 ҚАРАША - 2021 жылғы 22 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 965 518 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 769 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 108; 
 
Алматы қаласында - 119; 
 
Шымкент қаласында - 14; 
 
Ақмола облысында - 66; 
 
Ақтөбе облысында - 10; 
 
Алматы облысында - 22; 
 
Атырау облысында - 5; 
 
ШҚО-да - 26; 
 
Жамбыл облысында - 3; 
 
БҚО-да - 5; 
 
Қарағанды облысында - 110; 
 
Қостанай облысында - 72; 
 
Қызылорда облысында - 5; 
 
Маңғыстау облысында - 2; 
 
Павлодар облысында - 100; 
 
СҚО-да - 99; 
 
Түркістан облысында - 3.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 482 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 927 618 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
23 қарашаға КВИ-ден 29 469 адам (25 323 КВИ+ және 4 146 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 6 281 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 23 188 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 457 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 131 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 91 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 22 қарашаға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 577 өлім жағдайы тіркелген. 21 қараша күні КВИ-ден 16 адам қайтыс болды. 
 
21 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелді, 5 адам қайтыс болды және 10 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 81 977, өлім – 5 125, сауыққандар – 72 706. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 23 қарашаға I компонентпен 8 650 815 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 969 940 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны