24.11.2021, 18:10 60096

ҚР 24 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды

ҚР 24 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды
Сурет: yakutia.info
НҰР-СҰЛТАН. 24 ҚАРАША - 2021 жылғы 23 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 966 423 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 905 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 123, 
 
Алматы қаласында - 123, 
 
Шымкент қаласында - 19, 
 
Ақмола облысында - 62, 
 
Ақтөбе облысында - 13, 
 
Алматы облысында - 28, 
 
Атырау облысында - 15, 
 
ШҚО-да - 42, 
 
Жамбыл облысында - 5, 
 
БҚО-да - 22, 
 
Қарағанды облысында - 131, 
 
Қостанай облысында - 89, 
 
Қызылорда облысында - 4, 
 
Маңғыстау облысында - 6, 
 
Павлодар облысында - 102, 
 
СҚО-да - 118, 
 
Түркістан облысында - 3.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 502 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 929 120 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
24 қарашаға КВИ-ден 28 704 адам (24 700 КВИ+ және 4 004 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 5 943 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 22 761 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 451 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 126 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 81 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 23 қарашаға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 603 өлім жағдайы тіркелген. 22 қараша күні КВИ-ден 26 адам қайтыс болды. 
 
22 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 150 жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды және 288 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 82 127, өлім – 5 129, сауыққандар – 72 994. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 24 қарашаға I компонентпен 8 661 498 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 986 343 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны