24.09.2021, 17:08 9195

ҚР 24 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 2 537 адам коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. 23 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 22 қыркүйекке 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 872 596 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 537 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 181; 
 
Алматы қаласында – 547; 
 
Шымкент қаласында – 122; 
 
Ақмола облысында – 128; 
 
Ақтөбе облысында – 137; 
 
Алматы облысында – 270; 
 
Атырау облысында – 68; 
 
ШҚО-да – 118; 
 
Жамбыл облысында – 58; 
 
БҚО-да – 84; 
 
Қарағанды облысында – 340; 
 
Қостанай облысында – 104; 
 
Қызылорда облысында – 62; 
 
Маңғыстау облысында – 23; 
 
Павлодар облысында – 190; 
 
СҚО-да – 71; 
 
Түркістан облысында – 34.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 3 673 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 805 346 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
24 қыркүйекке КВИ-ден 65 098 адам (56 297 КВИ+ және 8 801 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 11 576 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 53 522 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 905 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 241 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 106 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 23 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 10 953 өлім жағдайы тіркелген. 22 қыркүйек күні КВИ-ден 40 адам қайтыс болды. 
 
21 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 247 жағдайы тіркелді, 9 адам қайтыс болды және 162 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 74 674, өлім – 4 769, сауыққандар – 61 163. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 23 қыркүйекке I компонентпен 7 447 463 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 328 291 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны