24.12.2021, 15:47 36151

ҚР 24 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 460 адам коронавирус жұқтырды

ҚР 24 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 460 адам коронавирус жұқтырды
Сурет: yakutia.info
НҰР-СҰЛТАН. 24 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 23 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 985 016 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 460 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 98, 
 
Алматы қаласында - 39, 
 
Шымкент қаласында - 8, 
 
Ақмола облысында - 46, 
 
Ақтөбе облысында - 4, 
 
Алматы облысында - 20, 
 
Атырау облысында - 6, 
 
ШҚО-да - 22, 
 
Жамбыл облысында - 4, 
 
БҚО-да - 10, 
 
Қарағанды облысында - 58, 
 
Қостанай облысында - 45, 
 
Қызылорда облысында - 4, 
 
Маңғыстау облысында - 4, 
 
Павлодар облысында - 48, 
 
СҚО-да - 41, 
 
Түркістан облысында - 3.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 686 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 956 046 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
24 желтоқсанға КВИ-ден 18 404 адам (16 010 КВИ+ және 2 394 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 2 921 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 15 483 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 243 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 70 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 56 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 23 желтоқсанына дейін ПТР оң тестімен коронавирустан 12 960 өлім тіркелді. 22 желтоқсанда КВИ-ден 3 адам қайтыс болды. 
 
2021 жылдың 22 желтоқсанында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы тіркелді, 128 адам сауығып кетті. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 83 883, өлім – 5 203, сауыққандар – 76 286. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 23 желтоқсанда I компонентпен 8 931 073 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 432 936 адам вакцинацияланды. 
 
Pfizer вакцинасының I дозамен егілді: жасөспірімдер - 210 952, жүкті әйелдер - 15 375, бала емізетін әйелдер - 37 653. II дозамен: жасөспірімдер - 66 775, жүкті әйелдер - 4 708, бала емізетін әйелдер - 11 896. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны