25.01.2022, 16:31 39546

ҚР 25 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19-дың 9 016 жағдайы тіркелді

ҚР 25 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19-дың 9 016 жағдайы тіркелді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 25 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 24 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 166 697 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 9 016 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтанда - 1 648; 
 
Алматыда - 1 501; 
 
Шымкентте - 85; 
 
Ақмола облысында - 998; 
 
Ақтөбе облысында - 409; 
 
Алматы облысында - 396; 
 
Атырау облысында - 567; 
 
ШҚО-да - 229; 
 
Жамбыл облысында - 113;
 
БҚО-да - 162; 
 
Қарағанды облысында - 1 245; 
 
Қостанай облысында - 323; 
 
Қызылорда облысында - 74; 
 
Маңғыстау облысында - 177; 
 
Павлодар облысында - 703; 
 
СҚО-да - 263; 
 
Түркістан облысы - 123.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 6 610 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 000 550 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
25 қаңтарға КВИ-ден 154 435 адам (152 994 КВИ+ және 1 441 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 10 042 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 144 393 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 407 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 126 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 70 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 24 қаңтарға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 153 өлім жағдайы тіркелген. 23 қаңтарда КВИ-ден 11 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 23 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 29 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 46 адам сауығып кетті. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 85 568, өлім - 5 250, сауыққандар - 78 877. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 24 қаңтарда I компонентпен 9 136 288 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 702 950 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны