25.11.2021, 15:28 16565

ҚР 25 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 ауруының 946 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 25 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 ауруының 946 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: gagauzinfo.md
НҰР-СҰЛТАН. 25 ҚАРАША - 2021 жылғы 24 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 967 369 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 946 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 128, 
 
Алматы қаласында - 119, 
 
Шымкент қаласында - 11, 
 
Ақмола облысында - 63, 
 
Ақтөбе облысында - 14, 
 
Алматы облысында - 47, 
 
Атырау облысында - 17, 
 
ШҚО-да - 53, 
 
Жамбыл облысында - 9, 
 
БҚО-да - 25, 
 
Қарағанды облысында - 107, 
 
Қостанай облысында - 101, 
 
Қызылорда облысында - 5, 
 
Маңғыстау облысында - 6, 
 
Павлодар облысында - 105, 
 
СҚО-да - 124, 
 
Түркістан облысында - 12.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 392 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 930 512 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
25 қарашаға КВИ-ден 28 106 адам (24 235 КВИ+ және 3 871 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 5 879 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 22 227 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 444 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 117 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 76 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 24 қарашаға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 622 өлім жағдайы тіркелген. 23 қараша күні КВИ-ден 19 адам қайтыс болды. 
 
23 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 141 жағдайы тіркелді, 274 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 82 268, өлім – 5 129, сауыққандар – 73 268. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 25 қарашаға I компонентпен 8 677 674 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 008 545 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны