29.08.2021, 18:54 6777

ҚР 29 тамызға арналған эпидемиологиялық жағдай: Алматы жаңа ауырғандар саны бойынша антилидер болып қала береді

НҰР-СҰЛТАН. 29 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 28 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 779 927 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 5 993 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтанда - 590; 
 
Алматыда - 1491; 
 
Шымкентте - 217; 
 
Ақмола облысында - 260; 
 
Ақтөбе облысында - 320; 
 
Алматы облысында - 412; 
 
Атырау облысында - 401; 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 175; 
 
Жамбыл облысында - 129; 
 
Батыс Қазақстан облысында - 136; 
 
Қарағанды облысында - 750; 
 
Қостанай облысында - 271; 
 
Қызылорда облысында - 130; 
 
Маңғыстау облысында - 223; 
 
Павлодар облысында - 362; 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 88; 
 
Түркістан облысында - 74.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 5 271 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 662 158 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
27 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 273 жағдайы тіркелді, 22 адам қайтыс болды және 113 адам сауығып кетті. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 69 630, өлім – 4 386, сауыққандар – 58 406. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 29 тамызға I компонентпен 6 592 369 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 317 112 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны