26.10.2021, 18:08 24522

ҚР 26 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: Нұр-Сұлтан COVID-19 таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймақтан шықты

НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАЗАН - 2021 жылғы 25 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 931 137 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 353 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 116; 
 
Алматы қаласында - 239; 
 
Шымкент қаласында - 25; 
 
Ақмола облысында - 126; 
 
Ақтөбе облысында - 30; 
 
Алматы облысында - 119; 
 
Атырау облысында - 10; 
 
ШҚО-да - 58; 
 
Жамбыл облысында - 23; 
 
БҚО-да - 12; 
 
Қарағанды облысында - 139; 
 
Қостанай облысында - 83; 
 
Қызылорда облысында - 11; 
 
Маңғыстау облысында - 2; 
 
Павлодар облысында - 213; 
 
СҚО-да - 135; 
 
Түркістан облысында - 12.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 668 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 874 647 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
26 қазанға КВИ-ден 50 548 адам (44 515 КВИ+ және 6 033 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 8 860 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 41 688 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 612 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 157 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 102 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 25 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 975 өлім жағдайы тіркелген. 24 қазан күні КВИ-ден 24 адам қайтыс болды. 
 
24 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелді, 10 адам қайтыс болды және 36 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 78 781, өлім – 5 016, сауыққандар – 67 732. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 25 қазанға I компонентпен 8 190 303 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 360 501 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны