27.01.2022, 15:19 38261

ҚР 27 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 13 652 жаңа жағдайы анықталды

ҚР 27 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 13 652 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 26 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 192 211 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 13 652 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтанда - 2 852, 
 
Алматыда - 2 491, 
 
Шымкентте - 168, 
 
Ақмола облысында - 907, 
 
Ақтөбе облысында - 513, 
 
Алматы облысында - 454, 
 
Атырау облысында - 414, 
 
ШҚО-да - 549, 
 
Жамбыл облысында - 242, 
 
БҚО-да - 451, 
 
Қарағанды облысында - 2 209, 
 
Қостанай облысында - 490, 
 
Қызылорда облысында - 134, 
 
Маңғыстау облысында - 128, 
 
Павлодар облысында - 1 153, 
 
СҚО-да - 407, 
 
Түркістан облысында - 90.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 11 305 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 021 215 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
27 қаңтарға КВИ-ден 159 223 адам (157 819 КВИ+ және 1 404 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 10 137 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 149 086 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 385 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 129 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 81 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 26 қаңтарға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 177 өлім жағдайы тіркелген. 25 қаңтарда КВИ-ден 13 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 25 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 106 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болды, 124 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 85 846, өлім - 5 253, сауыққандар - 79 189. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 26 қаңтарда I компонентпен 9 156 377 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 726 612 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны