27.09.2021, 17:33 6029

ҚР 27 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирустан қайтыс болғандар саны 11 мың адамнан асты

НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 26 қыркүйекке 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 878 990 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 878 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 186; 
 
Алматы қаласында – 485; 
 
Шымкент қаласында – 41; 
 
Ақмола облысында – 96; 
 
Ақтөбе облысында – 62; 
 
Алматы облысында – 162; 
 
Атырау облысында – 53; 
 
ШҚО–да – 95; 
 
Жамбыл облысында – 53; 
 
БҚО–да – 36; 
 
Қарағанды облысында – 184; 
 
Қостанай облысында – 104; 
 
Қызылорда облысында – 26; 
 
Маңғыстау облысында – 10; 
 
Павлодар облысында - 164; 
 
СҚО-да - 71; 
 
Түркістан облысында - 50.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 202 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 812 883 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
27 қыркүйекке КВИ-ден 63 845 адам (55 042 КВИ+ және 8 803 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 11 543 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 52 302 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 895 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 222 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 142 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 26 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 065 өлім жағдайы тіркелген. 25 қыркүйек күні КВИ-ден 30 адам қайтыс болды. 
 
25 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 32 жағдайы тіркелді, 5 адам қайтыс болды және 111 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 75 305, өлім – 4 800, сауыққандар – 61 702. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 26 қыркүйекке I компонентпен 7 524 609 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 408 099 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны