28.03.2022, 17:00 9206

ҚР 28 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19-дың 25 жаңа жағдайы анықталды

ҚР 28 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19-дың 25 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 28 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 27 наурыз 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 305 065 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 

Қазақстанда өткен тәулікте 25 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласында - 2, 

Алматы қаласында - 12, 

Шымкент қаласында - 0, 

Ақмола облысында - 1, 

Ақтөбе облысында - 2, 

Алматы облысында - 1, 

Атырау облысында - 0, 

ШҚО-да - 5, 

Жамбыл облысында - 0, 

БҚО-да - 1, 

Қарағанды облысында - 0, 

Қостанай облысында - 1, 

Қызылорда облысында - 0, 

Маңғыстау облысында - 0, 

Павлодар облысында - 0, 

СҚО-да - 0, 

Түркістан облысында - 0. 

Қазақстанда бір тәулік ішінде 281 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 288 267 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 

28 наурызға КВИ-ден 4 157 адам (3 140 КВИ+ және 1 017 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 

- стационарларда - 443 пациент бар; 

- амбулаториялық деңгейде - 3 714 пациент. 

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 

- ауыр халде – 46 пациент, 

- аса ауыр халде – 6 пациент, 

- ӨЖЖ аппаратында – 9 пациент бар. 

2022 жылғы 26 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның (КВИ -) 3 жағдайы тіркелді. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 606, өлім - 5 352, сауыққандар - 82 237 тіркелді. 

Қазақстанда 2022 жылғы 27 наурызға I компонентпен 9 450 763 адам вакцинацияланды, II компонентпен 9 148 401 адам вакцинацияланды. 

ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны