29.10.2021, 18:58 300817

ҚР 29 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 1 697 жаңа жағдайы

НҰР-СҰЛТАН. 29 ҚАЗАН - 2021 жылғы 28 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 936 084 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 697 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 136; 
 
Алматы қаласында - 222; 
 
Шымкент қаласында - 34; 
 
Ақмола облысында - 142; 
 
Ақтөбе облысында - 54; 
 
Алматы облысында - 134; 
 
Атырау облысында - 24; 
 
ШҚО-да - 120; 
 
Жамбыл облысында - 30; 
 
БҚО-да - 48; 
 
Қарағанды облысында - 136; 
 
Қостанай облысында - 131; 
 
Қызылорда облысында - 46; 
 
Маңғыстау облысында - 11; 
 
Павлодар облысында - 236; 
 
СҚО-да - 163; 
 
Түркістан облысында - 30.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 141 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 881 124 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
29 қазанға КВИ-ден 48 742 адам (42 907 КВИ+ және 5 835 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 8 435 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 40 307 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 587 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 154 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 107 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 28 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 053 өлім жағдайы тіркелген. 27 қазан күні КВИ-ден 25 адам қайтыс болды. 
 
27 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 239 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды және 295 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 79 355, өлім – 5 025, сауыққандар – 68 495. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 28 қазанға I компонентпен 8 257 226 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 449 299 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны