29.09.2021, 17:51 31192

ҚР 29 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: тәулігіне 1 925 адам коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. 29 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 28 қыркүйекке 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 882 634 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 925 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 196; 
 
Алматы қаласында – 426; 
 
Шымкент қаласында – 125; 
 
Ақмола облысында – 49; 
 
Ақтөбе облысында – 90; 
 
Алматы облысында – 181; 
 
Атырау облысында – 55; 
 
ШҚО-да – 93; 
 
Жамбыл облысында – 58; 
 
БҚО-да – 54; 
 
Қарағанды облысында – 174; 
 
Қостанай облысында – 104; 
 
Қызылорда облысында – 47; 
 
Маңғыстау облысында – 15; 
 
Павлодар облысында – 144; 
 
СҚО-да – 77; 
 
Түркістан облысында - 37.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 857 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 818 521 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
29 қыркүйекке КВИ-ден 61 490 адам (52 971 КВИ+ және 8 519 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 10 368 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 51 122 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 848 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 207 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 126 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 28 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 142 өлім жағдайы тіркелген. 27 қыркүйек күні КВИ-ден 42 адам қайтыс болды.
 
26 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 220 жағдайы тіркелді, 10 адам қайтыс болды және 408 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 75 536, өлім – 4 817, сауыққандар – 62 200. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 28 қыркүйекке I компонентпен 7 594 542 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 500 573 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны