02.03.2022, 17:00 12486

ҚР 2 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 260 жаңа COVID-19 жағдайы

НҰР-СҰЛТАН. 2 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 1 наурыз 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 302 810 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 

Қазақстанда өткен тәулікте 260 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласында - 21; 

Алматы қаласында - 90; 

Шымкент қаласында - 2; 

Ақмола облысында - 9; 

Ақтөбе облысында -1; 

Алматы облысында - 8; 

Атырау облысында - 7; 

ШҚО-да - 12; 

Жамбыл облысында - 3; 

БҚО-да - 9; 

Қарағанды облысында - 27; 

Қостанай облысында - 25; 

Қызылорда облысында - 3; 

Маңғыстау облысында - 1; 

Павлодар облысында - 14; 

СҚО-да - 28; 

Түркістан облысында - 0. 

Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 250 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 270 379 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 

2 наурызға КВИ-ден 19 906 адам (18 815 КВИ+ және 1 091 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 

- стационарларда - 2 123 пациент бар; 

- амбулаториялық деңгейде - 17 783 пациент. 

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 

- ауыр халде – 163 пациент, 

- аса ауыр халде – 57 пациент, 

- ӨЖЖ аппаратында – 44 пациент бар. 

2022 жылғы 1 наурызға коронавирустық инфекция белгілері бар 36 пневмонияның жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 20 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 156, өлім - 5 342, сауыққандар - 81 723. 

Қазақстанда 2022 жылғы 1 наурызға I компонентпен 9 390 070 адам вакцинацияланды, II компонентпен 9 002 048 адам вакцинацияланды. 

"Сары" аймақта: Солтүстік Қазақстан облыстары. 

"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны