02.09.2021, 16:39 9383

ҚР 2 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирус пен пневмониядан 114 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. 2 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 1 қыркүйекке 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 798 671 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 4 880 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 315; 
 
Алматы қаласында – 1 264; 
 
Шымкент қаласында – 180; 
 
Ақмола облысында – 246; 
 
Ақтөбе облысында – 302; 
 
Алматы облысында – 282; 
 
Атырау облысында – 198; 
 
ШҚО-да – 201; 
 
Жамбыл облысында – 99; 
 
БҚО-да – 140; 
 
Қарағанды облысында – 648; 
 
Қостанай облысында – 237; 
 
Қызылорда облысында – 133; 
 
Маңғыстау облысында – 239; 
 
Павлодар облысында – 265; 
 
СҚО-да – 75; 
 
Түркістан облысында – 56.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 10 644 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 691 480 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
2 қыркүйекке КВИ-ден 104 835 адам (97 696 КВИ+ және 7 139 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 22 388 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 82 477 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 590 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 479 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 226 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 9 495 өлім жағдайы тіркелген. 31 тамыз күні КВИ-ден 93 адам қайтыс болды. 
 
31 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 460 жағдайы тіркелді, 21 адам қайтыс болды және 167 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 70 250, өлім – 4 485, сауыққандар – 58 626. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 1 қыркүйекке I компонентпен 6 709 478 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 502 652 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан өңірлерінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны