02.12.2021, 19:08 25280

ҚР 2 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте коронавирустың 753 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 2 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте коронавирустың 753 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 2 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 1 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 973 045 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 130, 
 
Алматы қаласында - 60, 
 
Шымкент қаласында - 6, 
 
Ақмола облысында - 63, 
 
Ақтөбе облысында - 7, 
 
Алматы облысында - 23, 
 
Атырау облысында - 8, 
 
ШҚО-да - 40, 
 
Жамбыл облысында - 8, 
 
БҚО-да - 19, 
 
Қарағанды облысында - 105, 
 
Қостанай облысында - 89, 
 
Қызылорда облысында - 11, 
 
Маңғыстау облысында - 5, 
 
Павлодар облысында - 91, 
 
СҚО-да - 82, 
 
Түркістан облысында - 6.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 952 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 938 335 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
2 желтоқсанға КВИ-ден 25 429 адам (21 994 КВИ+ және 3 435 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 5 348 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 20 081 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 376 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 104 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 64 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 1 желтоқсанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 716 өлім жағдайы тіркелген. 30 қараша күні КВИ-ден 13 адам қайтыс болды. 
 
30 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 54 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болды және 105 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 82 734, өлім – 5 155, сауыққандар – 74 144. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 1 желтоқсанға I компонентпен 8 748 448 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 114 076 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 1 желтоқсанда "Pfizer" вакцинасының I компонентімен 99 186 адам вакцинацияланды. Оның ішінде: жасөспірімдер - 78 567, жүкті әйелдер - 6 348, бала емізетін әйелдер - 14 271. 
 
"Қызыл" аймақта: Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны