30.11.2021, 19:25 14310

ҚР 30 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 654 жаңа жағдайы

ҚР 30 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 654 жаңа жағдайы
Сурет: Хабар 24
НҰР-СҰЛТАН. 30 ҚАРАША - 2021 жылғы 29 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 971 541 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 654 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 108, 
 
Алматы қаласында - 34, 
 
Шымкент қаласында - 3, 
 
Ақмола облысында - 63, 
 
Ақтөбе облысында - 8, 
 
Алматы облысында - 27, 
 
Атырау облысында - 4, 
 
ШҚО-да - 30, 
 
Жамбыл облысында - 8, 
 
БҚО-да - 9, 
 
Қарағанды облысында - 103, 
 
Қостанай облысында - 68, 
 
Қызылорда облысында - 6, 
 
Маңғыстау облысында - 3, 
 
Павлодар облысында - 90, 
 
СҚО-да - 85, 
 
Түркістан облысында - 5.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 137 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 935 950 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
30 қарашаға КВИ-ден 26 472 адам (22 895 КВИ+ және 3 577 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 5 623 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 20 849 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 376 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 119 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 53 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 29 қарашаға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 696 өлім жағдайы тіркелген. 28 қараша күні КВИ-ден 18 адам қайтыс болды. 
 
28 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелді, 9 адам қайтыс болды және 19 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 82 550, өлім – 5 149, сауыққандар – 73 824. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 30 қарашаға I компонентпен 8 721 768 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 066 053 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 29 қарашада "Pfizer" вакцинасының I компонентімен 79 722 адам вакцинацияланды. Оның ішінде: жасөспірімдер - 62 707, жүкті әйелдер - 5 395, бала емізетін әйелдер - 11 620.
 
"Қызыл" аймақта: Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны