30.09.2021, 19:08 20193

ҚР 30 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 47 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. 30 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 29 қыркүйекке 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 884 886 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 252 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 249; 
 
Алматы қаласында – 510; 
 
Шымкент қаласында – 126; 
 
Ақмола облысында – 45; 
 
Ақтөбе облысында – 141; 
 
Алматы облысында – 212; 
 
Атырау облысында – 69; 
 
ШҚО-да – 147; 
 
Жамбыл облысында – 55; 
 
БҚО-да – 77; 
 
Қарағанды облысында – 170; 
 
Қостанай облысында – 106; 
 
Қызылорда облысында – 57; 
 
Маңғыстау облысында – 16; 
 
Павлодар облысында – 136; 
 
СҚО-да – 78; 
 
Түркістан облысында – 58.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 271 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 820 792 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
30 қыркүйекке КВИ-ден 61 356 адам (52 916 КВИ+ және 8 440 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 10 343 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 51 013 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 805 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 212 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 135 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 29 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 178 өлім жағдайы тіркелген. 28 қыркүйек күні КВИ-ден 36 адам қайтыс болды. 
 
28 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 156 жағдайы тіркелді, 11 адам қайтыс болды және 224 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 75 692, өлім – 4 828, сауыққандар – 62 424. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 29 қыркүйекке I компонентпен 7 623 541 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 545 254 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны