03.12.2021, 19:03 18046

ҚР 3 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 724 жаңа жағдайы анықталды

ҚР 3 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 724 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 3 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 2 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 973 769 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 724 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 127, 
 
Алматы қаласында - 53, 
 
Шымкент қаласында - 15, 
 
Ақмола облысында - 55, 
 
Ақтөбе облысында - 1, 
 
Алматы облысында - 38, 
 
Атырау облысында - 7, 
 
ШҚО-да - 25, 
 
Жамбыл облысында - 10, 
 
БҚО-да - 13, 
 
Қарағанды облысында - 125, 
 
Қостанай облысында - 80, 
 
Қызылорда облысында - 5, 
 
Маңғыстау облысында - 1, 
 
Павлодар облысында - 87, 
 
СҚО-да - 73, 
 
Түркістан облысында - 9.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 231 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 939 566 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
3 желтоқсанға КВИ-ден 24 884 адам (21 469 КВИ+ және 3 415 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 5 199 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 19 685 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 373 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 93 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 55 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 2 желтоқсанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 734 өлім жағдайы тіркелген. 1 желтоқсан күні КВИ-ден 18 адам қайтыс болды. 
 
1 желтоқсан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 14 жағдайы тіркелді, 6 адам қайтыс болды және 28 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 82 748, өлім – 5 161, сауыққандар – 74 172. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 2 желтоқсанға I компонентпен 8 759 935 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 141 461 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 2 желтоқсанда "Pfizer" вакцинасының I компонентімен 108 553 адам вакцинацияланды. Оның ішінде: жасөспірімдер - 86 108, жүкті әйелдер - 6 814, бала емізетін әйелдер - 15 630. 
 
"Қызыл" аймақта: Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны