06.12.2021, 19:09 21184

ҚР 6 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: "қызыл" аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ

ҚР 6 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: "қызыл" аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ
Сурет: kyiv.comments.ua
НҰР-СҰЛТАН. 6 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 5 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 975 782 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 632 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 102, 
 
Алматы қаласында - 66, 
 
Шымкент қаласында - 0, 
 
Ақмола облысында - 69, 
 
Ақтөбе облысында - 6, 
 
Алматы облысында - 12, 
 
Атырау облысында - 9, 
 
ШҚО-да - 16, 
 
Жамбыл облысында - 8, 
 
БҚО-да - 16, 
 
Қарағанды облысында - 101, 
 
Қостанай облысында - 71, 
 
Қызылорда облысында - 4, 
 
Маңғыстау облысында - 0, 
 
Павлодар облысында - 77, 
 
СҚО-да - 68, 
 
Түркістан облысында - 7.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 791 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 942 076 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
6 желтоқсанға КВИ-ден 24 125 адам (20 921 КВИ+ және 3 204 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 4 948 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 19 177 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 359 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 97 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 59 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 5 желтоқсанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 785 өлім жағдайы тіркелген. 4 желтоқсан күні КВИ-ден 16 адам қайтыс болды. 
 
4 желтоқсан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 21 жағдайы тіркелді, 46 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 82 976, өлім – 5 163, сауыққандар – 74 609. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 5 желтоқсанға I компонентпен 8 783 874 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 182 339 адам вакцинацияланды. 
 

Pfizer" вакцинасының I компонентімен 126 674 адам вакцинацияланды. Оның ішінде: жасөспірімдер - 101 114, жүкті әйелдер - 7 630, бала емізетін әйелдер - 17 930. 

 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны