07.09.2021, 20:55 5385

ҚР 7 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияның 3 583 жаңа жағдайы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 6 қыркүйекке 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 820 479 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 3 583 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 327; 
 
Алматы қаласында – 957; 
 
Шымкент қаласында – 106; 
 
Ақмола облысында – 221; 
 
Ақтөбе облысында – 189; 
 
Алматы облысында – 246; 
 
Атырау облысында – 67; 
 
ШҚО–да – 169; 
 
Жамбыл облысында – 82; 
 
БҚО–да – 45; 
 
Қарағанды облысында – 398; 
 
Қостанай облысында – 203; 
 
Қызылорда облысында – 50; 
 
Маңғыстау облысында – 192; 
 
Павлодар облысында – 221; 
 
СҚО-да - 76; 
 
Түркістан облысында - 34.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 6 362 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 727 989 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
7 қыркүйекке КВИ-ден 90 160 адам (82 575 КВИ+ және 7 585 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 19 279 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 70 881 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 479 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 387 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 209 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 6 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 9 915 өлім жағдайы тіркелген. 5 қыркүйек күні КВИ-ден 64 адам қайтыс болды. 
 
5 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 12 жағдайы тіркелді, 15 адам қайтыс болды және 8 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 71 304, өлім – 4 587, сауыққандар – 59 132. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 6 қыркүйекке I компонентпен 6 882 241 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 711 392 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан өңірлерінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны