08.02.2022, 16:41 27541

ҚР 8 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 науқастарының саны азаюда

ҚР 8 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 науқастарының саны азаюда
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 8 АҚПАН - 2022 жылғы 7 ақпан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 276 611 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 004 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтанда - 186; 
 
Алматыда - 445; 
 
Шымкентте - 23; 
 
Ақмола облысында - 118; 
 
Ақтөбе облысында - 32; 
 
Алматы облысында - 127; 
 
Атырау облысында - 23; 
 
ШҚО-да - 103; 
 
Жамбыл облысында - 13; 
 
БҚО-да - 43; 
 
Қарағанды облысында - 209; 
 
Қостанай облысында - 175; 
 
Қызылорда облысында - 9; 
 
Маңғыстау облысында - 15; 
 
Павлодар облысында - 250; 
 
СҚО-да - 231; 
 
Түркістан облысында - 2.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 9 867 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 176 775 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
8 ақпанға КВИ-ден 87 637 адам (86 455 КВИ+ және 1 182 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 9 647 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 77 990 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 437 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 171 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 11 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 7 ақпанға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 381 өлім жағдайы тіркелген. 6 ақпанда КВИ-ден 9 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 6 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды, 18 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 87 071, өлім - 5 288, сауыққандар - 80 598. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 7 ақпанда I компонентпен 9 251 891 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 822 430 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Атырау, Жамбыл облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны