08.10.2021, 18:27 22579

ҚР 8 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавируспен ауыратындардың саны 900 мыңнан асты

НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚАЗАН - 2021 жылғы 7 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 900 121 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 896 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 297; 
 
Алматы қаласында – 412; 
 
Шымкент қаласында – 55; 
 
Ақмола облысында – 43; 
 
Ақтөбе облысында – 51; 
 
Алматы облысында – 174; 
 
Атырау облысында – 35; 
 
ШҚО–да – 125; 
 
Жамбыл облысында – 41; 
 
БҚО–да – 53; 
 
Қарағанды облысында – 157; 
 
Қостанай облысында – 96; 
 
Қызылорда облысында – 36; 
 
Маңғыстау облысында – 12; 
 
Павлодар облысында - 153; 
 
СҚО-да - 118; 
 
Түркістан облысында - 38.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 804 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 841 255 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
8 қазанға КВИ-ден 54 850 адам (47 407 КВИ+ және 7 443 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 9 469 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 45 381 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 717 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 207 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 136 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 7 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 459 өлім жағдайы тіркелген. 6 қазан күні КВИ-ден 37 адам қайтыс болды. 
 
6 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 187 жағдайы тіркелді, 6 адам қайтыс болды және 342 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 76 906, өлім – 4 887, сауыққандар – 64 576. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 7 қазанға I компонентпен 7 810 611 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 828 545 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны