08.12.2021, 19:03 48593

ҚР 8 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 700-ден астам жаңа COVID-19 жағдайы анықталды

ҚР 8 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 700-ден астам жаңа COVID-19 жағдайы анықталды
Сурет: yakutia.info
НҰР-СҰЛТАН. 8 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 7 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 977 031 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 704 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 122, 
 
Алматы қаласында - 54, 
 
Шымкент қаласында - 4, 
 
Ақмола облысында - 62, 
 
Ақтөбе облысында - 2, 
 
Алматы облысында - 19, 
 
Атырау облысында - 15, 
 
ШҚО-да - 33, 
 
Жамбыл облысында - 7, 
 
БҚО-да - 18, 
 
Қарағанды облысында - 129, 
 
Қостанай облысында - 68, 
 
Қызылорда облысында - 7, 
 
Маңғыстау облысында - 4, 
 
Павлодар облысында - 78, 
 
СҚО-да - 77, 
 
Түркістан облысында - 5.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 244 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 944 485 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
8 желтоқсанға КВИ-ден 22 819 адам (19 744 КВИ+ және 3 075 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 4 604 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 18 215 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 353 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 90 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 60 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 7 желтоқсанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 902 өлім жағдайы тіркелген. 6 желтоқсан күні КВИ-ден 11 адам қайтыс болды. 
 
6 желтоқсан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 112 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды және 160 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 83 094, өлім – 5 170, сауыққандар – 74 849. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 7 желтоқсанға I компонентпен 8 808 125 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 223 795 адам вакцинацияланды. 
 
Pfizer вакцинасының I компонентімен: жасөспірімдер - 119 258, жүкті әйелдер - 8 706, бала емізетін әйелдер - 20 879. II компонентімен: жасөспірімдер - 1 910, жүкті әйелдер - 245, бала емізетін әйелдер - 632. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны