09.11.2021, 18:24 56241

ҚР 9 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 909 жаңа жағдайы анықталды

ҚР 9 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 909 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚАРАША - 2021 жылғы 8 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 950 539 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 909 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 109; 
 
Алматы қаласында - 79; 
 
Шымкент қаласында - 16; 
 
Ақмола облысында - 76; 
 
Ақтөбе облысында - 4; 
 
Алматы облысында - 61; 
 
Атырау облысында - 9; 
 
ШҚО-да - 50; 
 
Жамбыл облысында - 15; 
 
БҚО-да - 10; 
 
Қарағанды облысында - 109; 
 
Қостанай облысында - 83; 
 
Қызылорда облысында - 7; 
 
Маңғыстау облысында - 3; 
 
Павлодар облысында - 133; 
 
СҚО-да - 135; 
 
Түркістан облысында - 10.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 991 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 903 834 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
9 қарашаға КВИ-ден 39 705 адам (34 414 КВИ+ және 5 291 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 7 317 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 32 388 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 520 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 144 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 110 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 8 қарашаға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 291 өлім жағдайы тіркелген. 7 қараша күні КВИ-ден 32 адам қайтыс болды. 
 
7 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 16 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болды және 51 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 80 372, өлім – 5 073, сауыққандар – 70 008. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 9 қарашаға I компонентпен 8 432 406 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 702 738 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны